Астана. 18 маусым. КазТАГ – Алена Субботина. Қазақстан азаматтарының денсаулығына біздің азық-түлік себетіміз қауіп төндіруде, деді мәжіліс депутаты Асхат Рахимжанов.
«Біздің азық-түлік себетіміз халықаралық стандарттарға, сондай-ақ қазақстандықтардың мәдени және дәстүрлі тамақтану рационына сәйкес келмейді және азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіреді. Біздің еліміз әлемнің дамыған елдеріне теңелуі тиіс. Мысалы, Францияда ең төменгі тұтыну себетіне 500-ден астам тауар мен қызмет түрі кіреді, тіпті мейрамханаға бару да ескеріледі. Ал қазақстандықтар үшін бұл – қол жетпес арман», – деді Рахымжанов сәрсенбі күні мәжіліс отырысында.
Депутаттың айтуынша, орташа қазақстандық отбасыға ең төменгі азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін кемінде 70 мың теңге қажет. Осыған сәйкес, күнкөріс минимумы 115 710 теңге болуы керек деп санайды депутат.
Ол қазақстандықтардың қарапайым азық-түлікті қарызға өалатындарын атап өтті.
«Күнкөріс минимумы, ең төменгі жалақы, тұтыну себеті секілді әлеуметтік есептік көрсеткіштер минимализмнен базалық тұтыну және әлеуметтік қолдау стандарттарына қайта қаралуы тиіс», – деп түйіндеді депутат.
Қазақстан азаматтарының денсаулығына біздің азық-түлік себетіміз қауіп төндіруде
