«Республика аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады – найзағайлы жаңбыр, бұршақ, дауыл, елдің солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Ал батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде антициклонның жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте түнде шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облысының шығысы, Қостанай облысы, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі, орталығы, солтүстігі мен батысы, Қарағанды облысының орталығы, Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы, солтүстігі мен орталығы, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігі, Павлодар облысының батысы, Абай облысының солтүстік-батысы, батысы мен орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады», – делінген хабарламада.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана: Ауа райы құбылмалы, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. Түнде +14+16°C, күндіз +26+28°C.
Алматы: Ауа райы құбылмалы, кейде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, екпіні 13 м/с. Түнде +16+18°C, күндіз +26+28°C.
Шымкент: Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнде +15+17°C, күндіз +32+34°C.
Ақмола облысы: Түнде батысы, солтүстігі мен орталығында, күндіз барлық өңірде жаңбыр. Күндіз +23+28°C, түнде +12+17°C.
Ұлытау облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34°C, түнде +16+21°C.
Қарағанды облысы: Солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай. Күндіз +22+27°C, түнде +10+15°C.
Батыс Қазақстан: Жауын-шашынсыз. Күндіз +33+38°C, түнде +18+23°C.
Атырау: Жауын-шашынсыз. Күндіз +34+39°C, түнде +21+26°C.
Маңғыстау: Жауын-шашынсыз. Күндіз +37+42°C, түнде +22+27°C.
Ақтөбе: Жауын-шашынсыз. Күндіз +33+38°C, түнде +18+23°C.
Қостанай: Батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай. Күндіз +25+30°C, түнде +13+18°C.
Солтүстік Қазақстан: Түнде барлық өңірде, күндіз оңтүстігі, шығысы мен солтүстігінде жаңбыр. Күндіз +20+25°C, түнде +13+18°C.
Павлодар: Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде жаңбыр. Күндіз +25+30°C, түнде +12+17°C.
Абай облысы: Түнде шығысы мен оңтүстігінде, күндіз барлық өңірде найзағай. Күндіз +23+28°C, түнде +12+17°C.
Шығыс Қазақстан: Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз барлық өңірде жаңбыр. Күндіз +17+22°C, түнде +17+22°C.
Қызылорда: Жауын-шашынсыз. Күндіз +32+37°C, түнде +18+23°C.
Түркістан: Жауын-шашынсыз. Күндіз +31+36°C, түнде +15+20°C.
Жамбыл: Таулы аймақтарда найзағай. Күндіз +27+32°C, түнде +13+18°C.
Алматы облысы: Жаңбыр. Күндіз +23+28°C, түнде +15+20°C.
Жетісу облысы: Жаңбыр. Күндіз +23+28°C, түнде +13+18°C.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейінің ауытқуы байқалады», – деп ескертті синоптиктер.
Источник фото: Фото из открытых источников