«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл - 1 721 069; 2025 жыл - 1 796 207; 2026 жыл - 1 779 049; 2027 жыл - 1 797 255; 2028 жыл - 1 816 372», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т8 909 952 000.
Бюджеттік жобаның негіздемесіне сәйкес, шығыстар есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, ақыл-есі кем, девиантты мінез-құлықты балаларды оқыту және тәрбиелеуге бағытталған. Балалардың жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге, психикалық және сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктерді түзетуге, олардың әлеуметтік және еңбекке бейімделуіне және қоғамға енуіне медициналық көмек көрсету. Қызметкерлер мен балаларды қажетті медициналық тексеруден өткізуді, демалыс уақытында оқушылардың сауықтыру демалысын қамтамасыз ету.
Мақсаты - даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқушылықтарды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
«Міндеттер: мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан арнайы оқытумен қамтылған балалардың үлесі 2024 жылы - 19,3%, 2025 жылы - 20,1%, 2026 жылы - 20,1%, 2027 жылы - 20,1%, 2028 жылы - 20,1%», - деп жобада жазылған.
Источник фото: pixabay.com