«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл - 7 150 000; 2025 жыл - 5 782 341,3; 2026 жыл - 7 500 000; 2027 жыл - 8 188 948; 2028 жыл - 8 598 395», - деп облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастыры басқармасының бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т37 219 684 300.
Бюджеттік жобаның негіздемесі бойынша, шығыстар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатып алатын асыл тұқымды өнімдердің құнын ішінара арзандатуға; асыл тұқымды жас малдың, ұрықтың, аналық жұмыртқаның, асыл тұқымды малды ұрықтандыруға; құс етін, азық-түлік жұмыртқасын, сүтті өндірудің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған.
Фото көзі: pixabay.com