Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Allur компаниялар тобының құрамына кіретін JAC MOTORS QAZAQSTAN 2024 жылдың қорытындысы бойынша JAC брендінің ең үздік дистрибьюторы атанып, халықаралық деңгейдегі ең жоғары марапатқа ие болды.
Аталған марапат 2025 жылғы 18–21 сәуір аралығында Қытайдың Хэфэй қаласында өткен серіктестер конференциясы аясында табысталды. Бұл шараға 100-ден астам ел мен аймақтардан өкілдер қатысты. Мұндай жоғары баға қазақстандық өкілдіктің брендтің шетелдік серіктестері арасында тұрақты және сенімді позицияға ие екенін айғақтайды.
.png)
Марапат негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі, дилерлік желінің кеңеюі, сату көлемінің артуы және клиенттерге көрсетілетін сервистің сапасын жақсартқаны үшін берілді.
2024 жылы JAC MOTORS QAZAQSTAN сенімді өсімді көрсетті: сатылым 56,7%-ға артып, 11 771 автокөлікке жетті. Бұл көрсеткіш брендтің Қазақстандағы ең көп сатылатын алдыңғы бес автокөлік маркасының қатарына енуіне мүмкіндік берді.
JAC-тың дилерлік желісі де айтарлықтай кеңейді — бір жылдың ішінде 40,9%-ға кеңейіп, еліміз бойынша 31 дилерлік орталыққа жетті. Бұл бренд автокөліктерінің қолжетімділігін арттырып, өңірлердегі клиенттер үшін сервистік қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік берді.
.png)
Басты марапаттан бөлек, компания бірқатар халықаралық жүлделерге де ие болды:
• Corporate Client Development Award – корпоративтік сатылымдарды дамыту және клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатудағы кешенді жұмыс үшін берілді;
• The Product Business Operation Award 2025 – Passenger Cars - жеңіл автокөлік модельдік қатарын табысты басқару үшін берілді;
• JAC Qazaqstan қосалқы бөлшектер департаменті сатудан кейінгі қызмет көрсетуді дамытуға және сервис сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін арнайы марапатқа ие болды.
JAC MOTORS QAZAQSTAN алдағы уақытта да дилерлік желіні дамыту, сату көлемін арттыру және клиенттік тәжірибені жақсарту бағытындағы стратегияны жалғастырып, JAC брендінің Қазақстандағы орнықты қатысуын нығайта бермек.