«Тапсырыс беруші – «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы - ғимараттарды/бөлмелерді/аумақтарды және ұқсас объектілерді жинау бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - аялдама кешендерін ағымдағы күтіп ұстау жөніндегі қызметтер; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т473 862 500», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 4 сәуірде басталып, 11 сәуірге дейін жалғасады.
«Өнім беруші әлеуетті өнім берушінің бухгалтерлік деректері негізінде еңбек ресурстарын қайта бағалай отырып, тапсырыс берушінің бекітілген техникалық ерекшелігінің базасында шарт жасасу сәтіндегі ағымдағы бағаларда ресурстық әдіспен жасалған шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша ұтып алған конкурстық баға ұсынысының/жасалған шарттың бағасы негізінде бағаның жазбаша негіздемесін ұсынуға міндеттенеді. Нақты мәмілелер, қолданыстағы келісімшарттар бойынша еңбекақы төлеу, машиналарды пайдалану құны, материалдық ресурстардың құны, немесе оларды жеткізуге арналған ұсыныстар. Бұл ретте, егер өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы осы лоттың бюджеттік құнына қатысты жеңілдікті көздеген жағдайда, онда жеңілдік сомасы бекітілген техникалық ерекшелік базасындағы сметаның барлық позициялары арасында біркелкі бөлінеді. Сметаны жасау кезінде қызметтер мен жұмыстардың атауы мен нақты көлемі, ресурстардың нормативтік шығыстары, конструкциялар мен материалдардың сапалық және сандық құрамы өзгеріссіз қалуға тиіс. Орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау кезінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемі факті бойынша қабылданатын болады», - деп қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: 2gis.kz