СІМ Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған барлық сапарды қайта қарауды қатаң түрде ұсынады

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ – Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған барлық сапарды қайта қарауды қатаң түрде ұсынады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған барлық сапарды қайта қарауды қатаң түрде ұсынады.
Қазіргі уақытта жағдай мен ықтимал тәуекелдерге жан-жақты баға беріліп жатыр, құзыретті мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен үйлестірілген жұмыс жүргізілуде. Таяу Шығыс өңірінің бірқатар елінде әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді, бұл халықаралық рейстердің тоқтатылуына және кейінге шегерілуіне алып келді», - делінген сейсенбідегі СІМ хабарында.

Осыған байланысты СІМ Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:

• сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;

• адамдар көп жиналатын іс-шараларға қатысудан және әскери нысандарға жақындаудан аулақ болу;

• қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау;

• брондалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру;

• төменде көрсетілген жедел байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасының елшіліктерімен тікелей байланыста болу.

1. Қазақстанның Қатардағы елшілігі: +97450649955 +97470910579 [email protected] [email protected]

2. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.): +97124498778 +971503629805 [email protected]

3. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы: +971556103341 +971505701978 [email protected]

4. ҚР Сыртқы істер министрлігі: +7 (717-27) 2-05-00

«Таяу Шығыс елдеріндегі ҚР Сыртқы істер министрлігінің барлық дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдайдың дамуын үнемі бақылауда ұстап, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті тәулік бойы көрсетуді жалғастыруда», - делінген хабарда.

adimage