«Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарға ақшалай сыйақы алу үшін басқа елдердің Қарулы Күштерімен келісім-шартқа отыру мүмкіндігін ұсынатын жарнамалық материалдар мен бейнероликтер таратылуда.«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған», - деп хабарлады сейсенбі күні ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Осылайша, Қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа қайшы қатысқаны үшін (ҚР ҚК 172-бабы) бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
«Жалдамалылық үшін (ҚР ҚК 170-бабы) іс-әрекеттің ауырлығына қарай жеті жылдан бастап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. ІІМ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырады»,- делінген хабарламада.
Фото көзі: bbci.co.uk