«Клиенттерге арналған барлық ақпарат айырбастау пунктінің ішінде немесе кассаның жанында орналастырылуы тиіс, ғимараттардың сыртқы қасбеттерінде, шатырларында, жылжымалы стендтерде және басқа да ашық кеңістіктерде көрнекі түрде орналастыруға болмайды», – делінген Ұлттық банктің қаулысында.
Сонымен қатар, әрбір айырбастау пункті қолжетімді жерге келесі құжаттар мен мәліметтерді орналастыруға міндетті:
• шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге берілген лицензияның көшірмесі немесе Ұлттық банктің аумақтық филиалы берген қосымшаның көшірмесі (қазақ және орыс тілдерінде); уәкілетті банктер үшін – аумақтық филиалдың жазбаша рұқсатының көшірмесі немесе айырбастау пунктінің куәлігінің көшірмесі;
• айырбастау жүргізілетін әрбір валюта бойынша теңгеге сатып алу-сату бағамдарын көрсететін ақпараттық стенд.
Сондай-ақ ақпараттық стенд айырбастау пунктінің сыртында, ашық кеңістікте орналаспауға тиіс, егер ол:
• көпфункционалды ғимараттарда,
• бизнес-орталықтарда,
• теміржол вокзалдарында,
• казиноларда,
• әуежай ішінде,
• автомобиль, теңіз және өзен өткізу бекеттерінің аумағында орналаспаған болса.
Айырбастау пункті автоматтандырылған болса, валюта бағамын көрсету монитор арқылы рұқсат етіледі.
Сондай-ақ айырбастау пунктінде міндетті түрде мына мәліметтер болуы тиіс:
• оны қадағалайтын Ұлттық банктің аумақтық филиалының деректері;
• шағым жолдау мүмкіндігі туралы ақпарат;
• Ұлттық банк актісінің көшірмесі,
• кассирдің аты-жөні,
• және басқа да талап етілетін деректер.
Фото көзі: 2gis.kz