«Бәйтерек» холдингінің 100 млрд теңге көлеміндегі борыштық қағаздары саудаға шығарылды

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – «Бәйтерек» холдингінің 100 млрд теңге көлеміндегі борыштық қағаздары саудаға шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның KZ2C00013902 (KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, BTRKb22) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы сауда-саттықтар өтуде», – деп хабарлайды KASE бейсенбі күні.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингінің KZ2C00013928 облигацияларын орналастыру бойынша арнайы сауда-саттықтар да өткізілуде.

Екі жағдайда да облигациялардың номиналды құны 1 000 теңгені құрайды. Ұлттық холдинг екі орналастыру бойынша жалпы сомасы 100 млрд теңгеге (әрқайсысы 50 млрд теңгеден) облигациялар шығарды.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ және «First Heartland Jusan Invest» АҚ әрекет етті.

adimage