Байқоңырда бес тұрғын үй құрылысына Т2,3 млрд-қа жуық жұмсамақ

Қызылорда. 11 маусым. ҚазТАГ – Байқоңыр қаласында бес тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстарға Т2,3 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; атауы - тұрғын ғимараттарды/құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі бес тұрғын үй құрылысы. Түзеу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т2 255 825 050», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 10 маусымда басталған, 13 маусымда аяқталады.

Фото көзі: Уикипедия


adimage