Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Тоқаев Владимир Путинді Ресей күнімен құттықтады.

«Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді», - делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

adimage