«Тапсырыс беруші – «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Ақкөл» орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; атауы - қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы - услуги финансового лизинга по приобретению системы раннего обнаружения лесных пожаров («орман өрттерін ерте анықтау жүйелерін сатып алу бойынша қаржылық лизинг қызметтері», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың қосымша сипаттамасы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т684 354 498,57», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 14 шілде мен 21 шілде аралығында өтеді.
«Лизинг заттарын жеткізу және беру мерзімі - Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінің Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасы сатып алу туралы шарт тіркелген сәттен бастап 180 күнтізбелік күн ішінде. Жеткізу орны - Ақмола облысы Ақкөл ауданы Алексеевский лесхоз ауылы Орталық көшесі, 19 үй, сондай-ақ 8-қосымшада көрсетілген басқа нысандар. Лизинг заттары жаңа отандық өндірісте болуы тиіс. Лизинг заттарының техникалық сипаттамасы орман өрттерін ерте анықтау жүйесі. Жобаның мақсаттары: - орман өрттерінің алдын алу; - орман өрттерін ерте анықтау; - төтенше жағдай туындаған жағдайда ресурстарды басқару құралдарымен қамтамасыз ету. Жобаның міндеттері: - түтінді немесе өртті автоматты режимде анықтау, 365/24; - орман алқаптарындағы төтенше жағдайларға жедел ден қою; - орман өрттерін анықтаудың автономды жүйесін құру; - бөлімшелер арасындағы әрекеттестіктің бар процестерін автоматтандыру; - орман өрттерін болжау (найзағай мен метеостанциялар). Жүйе құрамы: - бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету; - антенналық мачта құрылымдары; - бастапқы және резервтік электрмен жабдықтау: аккумуляторлар, күн батареялары, орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін дизельдік генераторлар; - жедел басқару орталығы; - қорық аумағындағы ауа райы жағдайын ерте тану жүйесі бар метеорологиялық кешен және найзағай бағытын анықтау құралы; - қосымша жүйеге қосымша жабдық - GPS навигаторлары, ұшқышсыз ұшатын аппараттар - ұшқышсыз ұшу аппараттары», - деп қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: gov.kz